Нұр-Сұлтанда Pfizer вакцинасы қанша адамға егілді

877

Елордада тұрғындарды КВИ-ге қарсы вакцинациялау қарқыны артып келеді. Қала бойынша барлығы бірінші компонентпен халықтың 67,8%-ы вакцинацияланды. Ерекше белсенділік жасөспірімдер арасында байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда Pfizer вакцинасы қанша адамға егілді

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда 18 600-ден астам адам Pfizer препаратымен егілді. Оның 12 мыңнан астамы 12-17 жастағы балалар, 6 мыңға жуығы бала емізетін әйелдер және 400-ден астамы жүкті әйелдер.

Денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, вакцинация пунктері негізінен жұмыс күндері толтырылады.

"Біз демалыс күндері адамдар өз істерімен айналысатынын, отбасыларымен уақыт өткізетінін түсінеміз. Сондықтан вакцинацияның өсуі жұмыс күндеріне келеді. Бірақ осыған қарамастан, егу пунктері демалыс және мереке күндері де жұмысын жалғастыруда", – деп хабарлады ведомстводан .

Сондай-ақ елордада тұрғындардың ревакцинациясы жалғасуда. Ревакцинацияның бір айында 13 мыңнан астам адам КВИ-ға қарсы үшінші рет вакцина алды.

Естеріңізге сала кетейік, медициналық ұйымдарда да, сауда кешендерінде де қайта вакцинациялауға болады. Ал Pfizer алу үшін медициналық ұйымдар мен елордалық мектептердің вакцинация пунктеріне ғана жүгіну қажет. Қазіргі уақытта американдық вакцина тек жүкті және бала емізетін әйелдерге, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу