Нұр-Сұлтанда полицейлер мен мұғалімдерді COVID-19-ға қарсы егу жалғасуда

776

Вакцина салдыруға тек екпеге қарсы көрсеткіші жоқ қызметкерлер ғана кіргізілді. 

Нұр-Сұлтанда полицейлер мен мұғалімдерді COVID-19-ға қарсы егу жалғасуда

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы мен мұғалімдер коронавирустық инфекцияға қарсы екпе қабылдады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап inbusiness.kz  хабарлайды.

Тәртіп сақшыларының арасында вакцина алдымен тұрғындармен тығыз байланыста болатын, вирус жұқтыру қаупі жоғары полицейлерге салынады. Олардың арасында учаскелік полиция инспекторлары, потрульдік полицейлер, ювеналдық полиция және басқа да қызметтер бар.

Вакцина салмастан бұрын міндетті түрде дәрігер дене температурасын, жүрек қағысын, артериялық қан қысымын, тыныс алуын және жүрек-қан тамырлары жүйесін, ауыз қуысын тексереді, эпидемиологиялық анамнез нақтыланады.

Айта кетсек, вакцинация Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің емханасында өтті. Оларға Қарағандыда өндірілген отандық Гам-КОВИД вакцинасы салынды.

Екпе салынатын адамға процедура өткізу алгоритмі көрсетілген "пациенттер маршруты" беріледі.

Дәрігердің айтуынша, 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, ЖРВИ симптомдары бар, сонымен қатар соңғы 6 айда коронавируспен ауырған азаматтарға екпе салынбайды.

Екпе жасалғаннан кейін 3 күн бойы моншаға баруға, яғни екпе орнын сулауға болмайды. Спирттік ішімдік ішуге және ауыр жұмыс істеуге де тыйым салынған.

1 наурыздан бастап вакцинацияның екінші кезеңінде полицейлер мен мұғалімдерге және медициналық ұйымдардың басқа да бөлімдерінің қызметкерлеріне екпе салынуда. Ал вакцинацияның үшінші кезеңінде созылмалы аурулары бар және басқа да санаттағы азаматтар қамтылады. жыл соңына дейін Қазақстанда вакцина қабылдаған азаматтар санын 6 миллионға жеткізу көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу