Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлеріне қонақүйден орын бөлінді

724

Сұраныс туындаған жағдайда нөмір саны артады.

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлеріне қонақүйден орын бөлінді

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы шараларға қатысып жатқан полиция қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қонақүйде 100-ге жуық нөмір бөлінді. Олардың қатарында жедел басқару орталығының қызметкерлері де бар (102). Сұраныс туындаған жағдайда нөмір саны артады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жедел штабының шешіміне сәйкес коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері де қонақүйлерге орналастырылды. Дәрігерлер үшін "Дипломат", "Думан", "Хилтон" қонақүйлерінен орындар сайланды.

СТЅ компаниясы дәрігерлерді көлікпен, тамақпен қамтыды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу