Нұр-Сұлтанда праймеризге 400-ден астам адам қатысады

611

Бір орынға - 18 үміткер.

Нұр-Сұлтанда праймеризге 400-ден астам адам қатысады

Нұр-Сұлтанда праймеризге 400-ден астам адам қатысады, қатысушылардың ең көп саны елордаға тиесілі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз “инстаграм” парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

“Праймеризге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 400 адам қатысып жатыр. Бір орынға - 18 үміткер! Бұл азаматтардың бастамаларының астарында дәрігер, әлеуметтік қызметкер; шағын және орта бизнес, мәдениет пен спорт өкілдері; мемлекеттік қызметкерлер; ғылым қайраткерлері; т.б. тұрған жоқ. Бұның астарында тәжірибе тезінен өткен жандардың қаланың түрлі бағыт пен саладағы даму жолына көзқарасы тұр.

Бүгін партияішілік праймериз аясындағы үгіт-насихат науқанымен таныстым. Үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын ұсыныпты. Олардың осы іске бел шеше кіріскені қуантты. Ұсынылған бағдарламалардың ішінде қала мен тұрғындар үшін маңызды бағыттарды атап өттім. Олар - тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың модернизациясы, баспана бағдарламаларына енгізілетін қосымша механизмдер, шағын және орта бизнеске жағдай жасау, жастарға алғашқы еңбек тәжірибесін алуға көмек сияқты келелі істер. Үміткерлер сонымен бірге - ерекше қажеттігі бар жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мәселесін де ұмытпаған екен.

Мемлекет басшысы Халыққа Жолдауында осы бағыттардың дамуына мән берген болатын. Қалалықтардың бұл мәселелер жөнінде әлеуметтік жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымы бары қуантпай қоймайды. Ел бойынша праймеризге қатысып жатқандар саны бойынша көшбасшы - біздің қала. Барлық үміткерлерге табыс пен өз тұлғасына сенімді болуын тілеймін!

Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев праймериздің басты мақсаты - халық көңілінен шығатын партиялық тізімдер жасау екенін атап өткен еді. Бәсеке негізінде қоғам тарапынан қолдауы күшті, ахуалдың мән-жайын білетін, беделді де белсенді тұлғаларды іріктеу - осы науқанның басты межесі. Праймериз - өзінің өңірі мен елінің дамуына ат салысып, үлес қосуға дайын азаматтардың барлығы үшін әлеуметтік баспалдақ.

Дауыс беруге қатысып, үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен танысу үшін "Праймериз" ақпараттық жүйесінде авторизация жасадым. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді. Праймеризде алдағы ҚР Парламенті Мәжілісіне немесе мәслихаттарға болатын сайлауға партия тізімдері жасақталады”, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу