Нұр-Сұлтанда сайлау күні 283 сайлау учаскесі жұмыс істейді

969

Елордада қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда сайлау күні 283 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Жиында елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, сайлау учаскелерінде дайындық және өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Қазіргі уақытта елордада тәулігіне 50-ден 120-ға дейін ауру тіркелген. КВИ диагностикасы бойынша тәуліктік қуаты 12 250-ге дейінгі 21 зертхана мен 7 инфекциялық және бір карантиндік стационар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта барлық зертханалардың жүктемесі 25-тен 40%-ға дейін, күніне 1 500-ден 5 000-ға дейін зерттеулер жүргізіледі. КВИ диагнозы расталған стационарлардағы пациенттер саны 212 адамды, пневмониямен 39 адамды құрайды.

Сайлау учаскелеріне қатысты тоқталсақ, қала аумағында барлығы 283 сайлау учаскесі орналасқан, оның 248-і ашық және 35-і жабық (мед. орталықтар, ауруханалар, әскери бөлімдер және т.б.)

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу алгоритміне сәйкес, 2021 жылғы 5-8 қаңтар аралығында елордада сайлау комиссияларының мүшелерін, сенім білдірілген тұлғалар мен бақылаушыларға ПТР-тестілеу жүргізіледі.

"Сайлау учаскелерінде жұрттың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында тұрғындар үшін арнайы шығу жолдары қарастырылатын болады. Барлық учаскелер дайын болуы және қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталуы керек: дезинфекциялық кілемшелер, едендегі белгілер, қатысушылардың қозғалысына арналған қоршаулар мен тосқауыл таспалары, пайдаланылған жеке қорғаныс құралдарын жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, антисептикалық заттар, жеке қорғаныс құралдары. Жалпы, қаланың барлық қызметі елорда тұрғындары 10 қаңтарда азаматтық және конституциялық борышын еш кедергісіз орындай алуы үшін жоғары дайындық жүргізуі тиіс", – деп атап өтті әкімнің орынбасары.

Жиын қорытындысы бойынша Бақтияр Мәкен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша карантиндік шараларды күшейтуді, барлық сайлау учаскелерінде қауіпсіздік паспортының болуын және санитарлық нормалардың сақталуын тексеруді, қалалық қызметтердің жұмысын күшейтуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, елорда коронавирустың таралу қарқыны бойынша "сары аймақта" тұр. Тұрғындар барлық шараларды, яғни бетперде киіп, ара қашықтықты сақтау керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу