Нұр-Сұлтанда сайлау күні базарлар сағат 12-ден бастап жұмыс істейді

1271

Қала базарларының басшылары осындай бастама көтерді.

Нұр-Сұлтанда сайлау күні базарлар сағат 12-ден бастап жұмыс істейді

Нұр-Сұлтанда сайлау күні қала базарлары сағат 12-ден бастап жұмыс істейді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуіне байланысты қала базарларының басшылары осындай бастама көтерді.

"Мұндай шешім кәсіпкерлер мен сауда нысандарының қызметкерлері өздерінің азаматтық ұстанымын белсенді көрсетіп, сайлауға қатысуы үшін қабылданып отыр. Осылайша 9 маусым күні елордадағы 17 сауда орны жұмысын сағат 12:00-ден бастайды: "Артем", "Көк базар",  "Ұлжан", "Орталық",  "Әсем", "Алай",  "Эталон",  "Сапар", "Әмір", "Алтай", "Көктал", "Сәлем", "Шарын", "Сарыарқа", "Керуен", "Шапағат", "Он-Олжа",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу