Нұр-Сұлтанда саяжайда тұратын отбасының 6 баласы иіс тиіп, ауруханаға түсті

1240

Нұр-Сұлтанда 6 бала иіс тиіп, уланған. Бұл туралы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Әйгерім Райымқұлова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда саяжайда тұратын отбасының 6 баласы иіс тиіп, ауруханаға түсті

Оның айтуынша, оқыс оқиға бүгін болған.

"Бүгін таңғы сағат 7:40-та саяжайдағы үйде 6 бала иіс тиіп, уланды. Біз тексеріс жүргіздік. Кейін отбасының Қызылорда облысынан Нұр-Сұлтан қаласына қыркүйекте көшіп келгенін анықтадық. Балалар 2009, 2011, 2013, 2017, 2020, 2021 жылдары туған", – деді бас маман орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Балалар №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылған. Әйгерім Райымқұлова бұл үйде бұрын басқа отбасы тұрғанын жеткізді.

Айтуынша, қалада 2 млн үй пеш жағады.

"Біз тұрмысы төмен үйлердегі жағдайды бақылауда ұстаймыз. Бүгінде осындай 107 мың үй бар. Олар қырағы бақылауда. Онда өрттің алдын алу үшін үнемі профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі", – деді бас маман.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу