Нұр-Сұлтанда шомылуға рұқсат етілетін 23 орын белгіленді

805

Шомылу ережелерін бұзғаны үшін 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтанда шомылуға рұқсат етілетін 23 орын белгіленді

Нұр-Сұлтанда комиссия тексерісі бойынша көпшілік суға шомылатын 23 орын анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Олардың үшеуі рұқсат етілген: Орталық жағажай, "Три пескаря" және "Столичный двор" демалыс аймақтары. 20-сы – тыйым салынған орындар.

"Қаланың төрт ауданында тегін коммуналдық жағажайлар ашу қолға алынды. Олар: Алматы-3, Байқоңыр-1, Есіл-3, Сарыарқа-3 аудандары", – деп атап өтті ТЖД баспасөз қызметі.

9 мамырдан бастап 141 тыйым салу белгісі мен 20 ақпараттық стенд орнатылған, 20 қалқыма белгілер де қойылған, 14 қайық және сүңгуірлер күнделікті кезекшілік етеді.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен волонтерлер бірігіп 155 рейд жүргізді. Суда ережелерді бұзғаны үшін 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қала мектептерінің 3 250 оқушысына арнайы алты интерактивті сабақ өткізілді. Күн сайын рейдтік шараларға барлық 23 учаске бойынша тексеретін жеке құрамдағы (ТЖД, ДП, МГ, волонтерлер) 80 адам қатысады.

1 маусымда қала акваториясында үш адам қаза болды. Екі адам құтқарылды.

"Суға шомылу кезеңінде азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы күшейтілген қарқында қызмет атқаруда. Сонымен қатар карантин кезеңінде санитарлық нормаларды есепке ала отырып, жаппай суға түсу орындарына бару нұсқаулығы бекітілді. Сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелері бойынша теле және радиода ақпарат берілуде. Бұл жұмыс күшейтілген режимде жүргізіледі және ол судағы оқыс оқиғаларды азайтуға септігін тигізеді", – деді басқарма.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу