Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі өндірген зертхана жойылды

1575

Елордалық полиция қызметкерлері жеке секторда ":Жылдамдық" және "Амфетамин"деп аталатын синтетикалық есірткі жасап, сатуға дайындаған зертхананы анықтады.  

Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі өндірген зертхана жойылды

Есірткі өндірісін Екібастұз қаласының тұрғыны ұйымдастырған.

Күдікті жалға алған тұрғын үй-жайды тінту кезінде синтетикалық есірткі өндіру үшін пайдаланылатын химиялық заттар, психотроптық заттар салынған колбалар, химиялық формулалар жазылған дәптерлер, өлшеу таразылары мен газқағарлар, сондай-ақ есірткі дайындау кезінде қолданған жеке химиялық қорғау костюмі алынды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жедел қызметкерлер сатуға дайындалған 1500-ден астам бір реттік есірткі мөлшерін алды.

Мамандар синтетикалық есірткі өндіру кезінде химиялық реакциялардың ерекшеліктеріне байланысты өздігінен жану, жарылыс қаупі бар екенін атап айтты. Бөлінетін күйдіргіш газ адамның денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.

Сондықтан зертхананы жоюда ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері химиялық қорғау киімдерін киді.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол үйді жалға берушіге автомобильдерге арналған бояу жасайтынын айтқан.

Есірткі өткізуші өз "тауарын" көтерме сауда партияларымен қалада интернет арқылы сатқан.  

Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауға алынды. "Есірткі заттарды, психотроптық заттарды және сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату" ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, онда мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қылмысқа қатысушыларды анықтау және ұстау бойынша жедел - іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу