Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды басталды

718

Сирия бойынша келіссөздердің бұл жолғы раунды Мәскеу мен Дамаск делегацияларының кездесуінен басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Интерфакс-Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды басталды

Ресей тарапынан Сирия жөніндегі арнайы өкіл Александр Лаврентьевтің айтуынша, қатысушылар Сириядағы жағдайды талқылап, осы елдегі Конституциялық комитеттің жұмысын қалпына келтіру ісін пысықтайды. 

"Жиынға қатысушылар САР-ға максималды қысым саясатының тоқтатылғаны туралы әлемдік бірлестіктерге нақты сигнал беруді көздеп отыр", – дейді Александр Лаврентьев.

Сирия жөніндегі келіссөздердің келесі раунды елордада 7-8 шілде күндері өтеді.

Лаврентьев атап өткендей, қазіргі уақытта Сирияның солтүстік-шығыс аудандары арқылы гуманитарлық көмек барынша тиімді түрде жеткізіліп жатыр.

"Идлиб туралы айтар болсақ, бұл мәселе едәуір саясиланып кеткен. Құрылған конвой қазір Дамаскта", – дейді ол.

Отырысқа БҰҰ бас хатшылығының арнайы елгісі Педерсен мырза да келген. Осы себепті Женевада айтылғандай конституциялық комитеттің жұмысының жалғасы туралы сөз қозғалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу