Нұр-Сұлтанда спорт мектептеріне қабылдау 1 қыркүйекте басталады

588

Биыл балаларды конкурстық негізде қабылдау 1 қазанға дейін жалғасады.

Нұр-Сұлтанда спорт мектептеріне қабылдау 1 қыркүйекте басталады

Жаттығу сабақтары санитарлық дәрігердің арнайы бұйрығынан кейін ғана басталады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда қазіргі уақытта 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. 73 бөлімшеде 8513 адам 57 олимпиадалық және 16 олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Балалар жүзу, каратэ, футбол, велоспорт, жүгіру және т.б. үйірмелерге қатысуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлімдер де бар.

Басқармаға қарасты кәсіпорындардағы жаттығу процесі тегін жүргізіледі.

Биыл балаларды конкурстық негізде қабылдау 1 қыркүйекте басталып, 1 қазанға дейін жалғасады.

"Тіркелу үшін нақты спорт түрін таңдап, мектеп әкімшілігімен байланысыңыз. Бұл ретте жаттығу процесі бас санитарлық дәрігердің шешімінен кейін басталады", –деді дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Қабылдауға керек құжаттар: ата-анасынан анықтама, баланың туу туралы куәлігінің және ата-анасы куәліктерінің көшірмесі, медициналық анықтама.

Жалпы, Нұр-Сұлтанда дене шынықтыру және спорт басқармасының 16 мекемесі бар. Бұл олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері: № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, № 9 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, № 10 шайбалы хоккейден мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, "Толағай" жоғары спорт шеберлігі мектебі, "Жігер" спорт клубы, "Дәулет" спорт комбинаты, олимпиадалық резервті даярлау орталығы, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт мектебі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу