Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында 46 фонтан кешені іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Олардың 10-ы – Алматы, 2-еуі – Байқоңыр, 23-і – Есіл, 11-і – Сарыарқа ауданында.
Субұрқақтар қала тұрғындары көптеп жиналатын танымал демалыс орындарында қосылды: Музыкалық субұрқақ Нұрсая ТК маңында, Нұржол желекжолында; Жетісу, "Арай 3" субұрқақтары "Арай-3" саябағында; "Каскад" субұрқағы ҚазМұнайГаз айналасындағы алаңда; субұрқақтардың каскадтары – Республика даңғылы мен Омаров көшесінің қиылысында; "Дөңгелек және таға" субұрқағы "Ғашықтар" саябағында орналасқан.