Нұр-Сұлтанда "Сүндет-2019" қайырымдылық акциясы өтеді

1746

Акция аясында балалар тегін сүндеттеледі.

Нұр-Сұлтанда "Сүндет-2019" қайырымдылық акциясы өтеді

Елордалық ауруханалар мен емханаларда "Сүндет-2019" қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Әдетте аталмыш қызмет түрі медициналық ұйымдарда ақылы негізде көрсетіледі, ал оның құны орта есеппен 25 мың теңгені құрайды.

Акция көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек үшін ұйымдастырылған.

"Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаланың  4 ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға "циркумцизия" (сүндеттеу) бойынша тегін медициналық қызмет көрсету үшін 4 медициналық ұйым белгіледі. Әрбір медициналық мекемеде операцияны бір уақытта бес хирург жүргізетін болады",– делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, операция жүргізуден бөлек балаларға естелік сыйлықтар дайындалған. "Сүндет-2019" акциясына қатысу үшін өтінімдерді аудандық әкімдіктер 2019 жылдың 31 мамырынан 6 маусымына дейін қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу