Нұр-Сұлтанда тағы бір қалалық аурухана базасында оңалту орталығы ашылады

1059

Елорда әкімі Алтай Көлгінов №2 қалалық балалар ауруханасы базасында жұмыс істейтін "Қасиетті жол" оңалту орталығының жұмысымен танысты.

Нұр-Сұлтанда тағы бір қалалық аурухана базасында оңалту орталығы ашылады

Жыл сайын ДЦП диагнозы қойылған 700 бала тегін ем алады. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес орталыққа қажетті жабдықтар сатып алуға қолдау көрсетіледі. Кездесу барысында ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар қала әкіміне сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтып жеткізді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

"Орталықтардың балалардың денсаулық жағдайын бір деңгейде қолдап қана қоймай, жақсартуы өте маңызды. Ата-аналар мен медициналық қызметкерлер күнделікті еңбегінің нәтижесін көргенде қатты қуанады. Мемлекет ерекше қажеттілігі бар жандарға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөледі. Жұмыс істеп тұрған ауруханалардың базасында осындай оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Тұңғыш Президент қорымен бірлесе тағы бір қалалық аурухана базасында оңалту орталығы ашылады. Инватакси машиналарының санын көбейтеміз. Бүгінде 10 арнайы машина сатып алынды. Ерекше қажеттілігі бар адамдарға жағдай жасау үшін одан әрі жұмыс істейміз. Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық тілеймін", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Қалада иппотерапиямен айналысу үшін ат спорты кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа салынған тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында оңалту орталықтары, емханалар, балаларға арналған шағын орталықтар сияқты әлеуметтік нысандар ашылады.

Айта кетейік, бүгінде қала әкімдігі мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалтумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, елордада екі оңалту орталығы салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу