Нұр-Сұлтанда тағы бір стационар жабылды

565

Қалада COVID-19-ға қарсы күреске 16 стационар жұмылдырылған. 

Нұр-Сұлтанда тағы бір стационар жабылды

"Рамада Плаза" ғимаратында орналасқан жұқпалы аурулар стационарынан коронавирус инфекциясы және пневмониямен ауырған соңғы 20 науқас шығарылды, деп хабарлайды Сovid19.astana.kz сайты.

№3 қалалық көпсалалы аурухананың терапевті Дәурен Молдажановтың айтуынша, 1 шілдеден бастап осы ауруханада COVID-19 ауруы бар, оның ішінде ауырлық дәрежесі орташа және ауыр мыңға жуық науқас емделді.

"Бұл стационар өз міндетін толықтай орындады. Нұр-Сұлтан әкімдігі оттегі концентраторларын жеткізді. Науқастарды күту үшін барлық медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер болды. Бұл бізге жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді", – дейді Д.Молдажанов.

Жалпы, қалада COVID-19-ға қарсы күреске 16 стационар жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетсек, 27 шілдеде Психикалық денсаулық орталығының клиникасынан COVID-19 бар соңғы науқас шығарылған болатын. Бір жарым айдың ішінде мұнда 1044 науқас емделді.

Шілде айының басынан бастап Нұр-Сұлтан стационарларында пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды. Қабылданған карантин шаралары мен қала емханаларында амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны 3 есе – күніне 3 мыңнан мыңға дейін, төсек-орын қорының жүктемесі 99%-дан 30%-ға азайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу