Нұр-Сұлтанда такси қызметіне сұраныс екі есе артты

787

Такси жүргізушілері күн сайын жеке тексеруден өтеді.

 Нұр-Сұлтанда такси қызметіне сұраныс екі есе артты

31 наурыздан бастап ресми таксилерге сұраныс екі есе өсті. Бүгінгі күні такси жолаушыларының орташа саны тәулігіне 6000 адамды құрайды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еліміздегі және елордадағы эпидемиологиялық ахуалды хабарлау кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласы көлік қызметкерлері қауымдастығы мен Taxovichkof Astana такси қызметі және такси парктері жедел шаралар қабылдады.

"Біз автопарктің барлық жүргізушілеріне қорғаныш маскалары мен қолғаптар ұсындық. Күніне екі рет көліктерді дезинфекциялау үшін 3 пункт ұйымдастырылды. Сондай-ақ дезинфекция журналдары да шығарылды. Көлік жуу қызметі тек такси машиналарына қызмет көрсету үшін ұйымдастырылды", – дейді елордалық көлік қызметкерлері қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов.

Сонымен қатар спикердің айтуынша, такси жүргізушілері күн сайын жеке тексеруден өтеді. Ал карантин кезеңінде олар дене температурасын әр ауысымда екі рет өлшейді. Егер температура 37 градустан асса, олар жұмысқа жіберілмейді.

Әрбір клиенттен кейін салон зарарсыздандырылып, таксидің іші желдетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу