Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісінің коронавирус жұқтырғаны анықталды

803

Қалаң әкімдігі елорда тұрғындарына аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға кеңес береді. 

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісінің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Жеке такси жүргізушісі коронавирус диагнозымен стационарға жатқызылды. Жақын байланыста болған адамдар анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елорда тұрғындарына аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға кеңес береді.

Карантин режимі басталғаннан бері қалалық штаб ресми таксиге көліктерін күнде дезинфекциядан өткізуге талап қойды. Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда тасымалдаушыларға айыппұл салынады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус дертіне шалдыққандардың саны 223 адамды құрап отыр. 9 сәуірдегі деректерге сәйкес 202 адам инфекциялық стационарда (10 адам Ақмола облысынан), 930 жақын байланыста болған адам үй карантинінде. 30 адам коронавирустан емделіп шықты.

Қалада барлығы 13 нысан карантинге жабылды. Олардың қатарында медициналық нысандар, жатақхана, №1 автобус паркі, тұрғын үй кешендерінің кіреберістері бар. 8 нысан карантиннен алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу