Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

881

2021 жылғы 9 қазанда елордадағы №29 орта мектеп аумағында "Нұр-Сұлтан-Антитеррор-2021" жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Оқу-жаттығу бүгін 8:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Іс-шараның мақсаты – білім беру мекемелерінде терроризм актісін болдырмау, практикалық дағдыларды пысықтау.

Терроризмге қарсы оқу-жаттығудың өтуіне байланысты №29 орта мектеп аумағында көлік қозғалысы шектелуі мүмкін.

"Осыған байланысты тұрғындарды оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және ондағы мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу