Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимін бұзған 560 адам жауапқа тартылды

780

Елорда дәрігерлері балалармен аулада серуендеп жүрген ата-аналарды сынға алды.  

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимін бұзған 560 адам жауапқа тартылды Фото: Максим Морозов

2 сәуір күні карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 60-тан астам адам тартылды: 15 адамға айыппұл салынды, сотқа 26 іс жіберілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

ТЖ және карантин режимі кезінде барлығы 560 адам, ал оның 100-ден астамы-қаланың блокпосттары арқылы кіру/шығу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Біз инфекцияны жұқтырғандармен жұмыс істейміз және оларға көмек көрсетеміз. Сауығып шыққан әрбір науқас үшін қуанамыз. Наразылығымызды тудыратыны, үйден шығуға тыйым салынғанына қарамастан аулада балаларымен серуендеп жүретін ата-аналар. Сіз не ойлайсыз? Егер сіз өз денсаулығыңыз туралы уайымдамасаңыз, неге балаларыңыздың денсаулығын ойламайсыз? Кішкентай балалардың иммунитеті әлсіз. Ауруханаға түсу қаупі әбден бар", – дейді дәрігерлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу