Қала әкімі 30 мыңға жуық тұрғыны бар "Алматы" ауданындағы "Промышленный" кенті тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жүздесу барысында тұрғындар "Ақкент" ЖШС силикат кірпіш шығаратын зауытты ауыстыру, жылы аялдаманы және спорт алаңдары бар скверді жайластыру туралы өтініш айтты. Сондай-ақ, 13-ші мектепті кеңейту, қоғамдық көлік жұмысын жақсарту және жол құрылысы мәселелері талқыланды. "Железнодорожный" алабының Маяковский 7 мекенжайы тұрғындары көшені жарықтандыру және жаңғырту мәселелерін жеткізді.
"Жоғарыда аталып өткен тұрғындардың тілектері жұмыс жоспарына енгізіліп, бақылауға алынатын болады. Осындай кездесулер тұрақты негізде өткізіледі",– делінген хабарламада.