Нұр-Сұлтанда түрік инвесторлары медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорын салады

715

Түрік кәсіпкерлері жобаны 2024 жылға дейін екі кезеңде жүзеге асыруды көздеп отыр. 

Нұр-Сұлтанда түрік инвесторлары медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорын салады

"MFA Mask" компаниясының түрік инвесторлары Нұр-Сұлтанда медициналық бетперделер өндірісіне инвестиция салмақ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен кеңес барысында Сыртқы істер министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және "MFA Mask" арасында жобаны іске асыру туралы тиісті үшжақты меморандумға қол қойылды.

Кәсіпорын Нұр-Сұлтандағы "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағында орналасады. Жалпы құны шамамен $9,3 млн құрайтын жобаны "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен іске асыру жоспарланып отыр.

Құжатқа сәйкес түрік кәсіпкерлері жобаны 2024 жылға дейін екі кезеңде жүзеге асыруды көздеп отыр. 2021 жылдың қазан айында бірінші кезеңді іске асыруды аяқтау жоспарлануда.

Бірінші кезеңде жыл сайын 3,5 млн-ға дейін медициналық бұйымдар шығару жоспарланып отыр. Екінші кезеңді жүзеге асыру қорытындысы бойынша көлемді 10 млн бірлікке дейін арттыру жоспарлануда. Кәсіпорында FFP2 және FFP3 класты респираторлар шығарылатын болады, сондай-ақ газқағарлар мен сүзгілер, сондай-ақ эвакуациялауға арналған өздігінен тотықтырылатын маскалар өндірісі жолға қойылатын болады. Жобаны іске асыру 100-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорында заманауи түрік және неміс жабдықтарын орнату жоспарлануда. Бұдан басқа, Түркиядан жоғары сапалы сертификатталған шикізатты жеткізу жолға қойылады. Өндірілген өнім Қазақстан нарығына жеткізіліп, Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу