Нұр-Сұлтанда үйге газ орнату арзандады

936

Нұр-Сұлтанда үй ішіне тікелей газ орнату құны 30%-дан астам төмендеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда үйге газ орнату арзандады

Елорда әкімдігі монтаждау жұмыстарының құрылысына маманданған жеке ұйымдармен бірнеше рет кездесу өткізгеннен кейін "Әлия сервис" ЖШС үй ішінде газ өткізу құнын 240 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін (37,5% - ға), "ҚазтрансГаз Аймақ" АҚ 123 мың теңгеге жуық төмендеткен, басқа да бірқатар жеке ұйым үй ішіне газ өткізу құнын арзандатыпты. Бұл сомаға газ жабдығы мен жиынтықтауыштардың құны кірмейді.

Тұрғын үй алаптарында газ тарату желілерін, оның ішінде тұрғын үйлер бойындағы орамішілік желілерді салумен Нұр-Сұлтан әкімдігі айналысады, ал үй ішіне тікелей жеткізуіне жеке ұйымдар жауапты.

Тұрғындар кез-келген мамандандырылған компанияны таңдауға құқылы. Жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, әкімдік жеке ұйымдармен монтаждау жұмыстарының құнын төмендету бойынша келіссөздер жүргізуде. Есептегіштердің өздері азаматтарға тегін беріледі.

Қаланы газдандыру үш кезең бойынша жүргізіледі. Биылғы жылыту маусымында Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашықтың бір бөлігі газға көшіріледі. Сонымен қатар, Көктал-1, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған тұрғын алаптарда газбен жабдықтаудың ішкі желілерін жүргізген тұрғындар газға қосылу үшін "ҚазтрансГаз Аймақ" АҚ-ға жүгіне алады (Республика даңғылы, 24, "Парасат" БО). Бұл ұйым газбен жабдықтаудың ішкі желілерінің қауіпсіздігімен және тікелей қосылуын тексерумен айналысады, сондай-ақ одан әрі пайдалануға жауап береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу