Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту аясында қалалық әкімдік "Көпбалалы отбасы" санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға жалға берілетін 150 пәтердің сертификаттарын беруді бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.
Көпбалалы отбасыларға арналған 150 пәтер қалалық "Берекелі баспана" қалалық бағдарламасы аясында табысталады.
Пәтерлерді беру екі кезеңнен тұрады. Оның алғашы кезеңінде 17 маусымға дейін құжаттар жинау және қабылдау, ал екінші кезеңінде 15 шілдеден бастап қоныстандыру жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, бүгінде елордада 46 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 3000-нан астамы көпбалалы отбасылар. Тұрғын үй кезегінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар тұр, олардың қатарында көпбалалы аналар, тұрмысы төмен азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар.
Елордада осы жылдың соңына дейін шамамен 2 мың пәтер беріледі.