Нұр-Сұлтанда "Ulttyq Onim-2019" көрмесі ашылды

634

Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан мен Корея және Ресейден келген 500-ден астам компания өз тауарларын ұсынды.

Нұр-Сұлтанда "Ulttyq Onim-2019" көрмесі ашылды

Елорданың Тәуелсіздік сарайында жыл сайын өкізілір тұратын "Ulttyq Onim-2019" көрмесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын старт-ап жобаларының өсуі, жас кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қызығушылық байқалуда. Биылғы жылы Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Корея және Ресейден 500-ден астам компания өз тауарларын ұсынды.

Көрмеге жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика, жиһаз және ағаш бұйымдары, зергерлік бұйымдар және басқа да салалардың компаниялары қатысты.

Көрме аясында қатысушыларға кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңестер, "Халық Таңдауы" байқау-дегустациясы, KAZFRANCH франчайзингі бойынша конференция, шетелдік делегациялармен В2В-кездесулер (Түркия, Польша, Әзірбайжан кәсіпкерлері), шетелдік делегациялардың семинарлары, Damu-Stage конференциясы және т.б. өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу