Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырмасы және "Үркер" елдімекені тұрғындарының өтініші бойынша 19 тамыздан бастап "Орда базар" – "Үркер" қатынасымен №45 қалалық маршрут іске қосылады.
Бағыттың қозғалыс сызбасы Алаш тас жолы ("Орда базар") – Бөгенбай батыр даңғылы – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Мұхамедханов көшесі – Ш.Айтматов көшесі – Қорғалжын тас жолы – ары қарай "Үркер" ТА арқылы өтеді.
Автобустарды нақты уақыт режимінде қадағалау 2ГИС қосымшасында да қолжетімді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу