Нұр-Сұлтанда үш күнде 70-тен астам кәсіпкерлік нысан карантин шектеулерін бұзды

979

Өткен тәулікте, 25 шілдеде елорданың мониторингтік топтары карантин талаптарын бұзған 9 кәсіпкерлік нысанын анықтады. 

Нұр-Сұлтанда үш күнде 70-тен астам кәсіпкерлік нысан карантин шектеулерін бұзды

Қала мекемелерінде көбінесе бетперде режимі, жұмыс кестесі, әлеуметтік арақашықтық сақталмайды және адамдардың көп жиналуына жол беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданында өткен тәулікте 7 кәсіпкерлік нысанында тəртіп бұзушылықтар тіркелді. "Астория", "Астандыр", "Стамбул", "Барашка" кафелерінде, "О Азамат ", "Арман қала" мейрамханаларында, Кубрин көшесіндегі ойын клубында карантин режимі сақталмады.

Есіл ауданында белгіленген уақыттан кейін "Ragnarok" компьютерлік клубы жұмысын жалғастырды. Байқоңыр ауданында орналасқан "Zara" түнгі клубы да осындай тəртіп бұзушылыққа жол берген.

Карантин талаптарын бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Айта кетейік, өткен екі күнде, 23 және 24 шілдеде қалада карантин шектеулерін бұзғаны үшін 67 кәсіпкерлік нысаны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Күн сайын мониторинг топтары қаланың 100-ден астам кәсіпкерлік нысанында санитарлық нормалар мен шектеу шараларының сақталуын тексереді. Кейбір елордалық мекемелер жауапкершілікке тартылатынына қарамастан, санитарлық нормалар мен карантин талаптарын ескермейді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын қалада коронавирустың 1300 жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Сол сияқты бетперде тағу, адам көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болу және т.б. ұсынылады.

Бұл ретте қауіпті вируспен күресу үшін бір ғана карантин талаптарын сақтау жеткіліксіз, халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу