Нұр-Сұлтанда ұзақ салынған құрылыстардың бірі пайдалануға берілді

714

Елордадағы құрылысы сегіз жылға созылған – "Жағалау-3" ТК, 30-блок пайдалануға берілді. Қазір тұрғындарға техникалық паспорттар үлестіріліп жатыр.  

 Нұр-Сұлтанда ұзақ салынған құрылыстардың бірі пайдалануға берілді

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтанның "сақалды" құрылыстарының біріне нүкте қойылды! Бұл құрылыс сегіз жылға созылған – "Жағалау-3" ТК, 30-блок. Үйдің өзі пайдалануға берілді. Қазір тұрғындарға көптен күткен пәтерлеріне тіркеуге тұруына, емханаларға, балаларын мектепке, балабақшаға және т.б. тіркеуіне мүмкіндік беретін техникалық паспорттары үлестіріліп жатыр.

Бұл тұрғын үй кешенінде алаяқтарға алданып қалған 600-ден астам отбасы бар. Үлескерлермен өткен алғашқы кездесуімізде ұзақ күткен пәтерлеріне қоныстана алатынына сенімсіздік танытқан еді. Алайда құрылысты аяқтау үшін жұмысымызды кезең-кезеңімен жүргіздік. Түйткілді мәселелер көп болды: бұл үйдің қасбеті, инженерлік желілер (сумен жабдықтау, жылыту, кәріз желісі, электр энергиясы), кіреберістердің ішкі әрлеуі, лифтілер, құжаттардың толық тізбесінің болмауы, абаттандыру және т.б.

Қазір істің басым бөлігі шешілді, тек мамандар атқаратын кейбір техникалық жұмыстары ғана қалды", – деп жазды Алтай Көлгінов.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу