Нұр-Сұлтанда вакцина алуға келгендер арасында тағы да пәтер ойнатылады

724

Екпе пункттеріне барып, вакцина салдырғандардың бірі елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  

Нұр-Сұлтанда вакцина алуға келгендер арасында тағы да пәтер ойнатылады

"Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі вакцина салдырғандар арасында 35 құнды сыйлықты ойнатты. Мұндай ойындардың апта сайын өткізілетінін атап өту керек. Одан бөлек елорда әкімі екі бөлмелі пәтер сол ойындарға ұтыс ретінде тігілетінін мәлім еткен еді. Бұл қос бөлмелі пәтерден 18 жастан асқан және І компонентті алған азаматтар үмітті болғанын білесіздер. Алғашқысын 31 тамызға дейін өткіздік. Бұл акцияларға барлық екпе пункті қосылған. Жылжымайтын мүлікті тағы да қыркүйектің басында ойнатамыз деп отырмыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі. Арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу