banner

Нұр-Сұлтанда вакцина салғандар арасында автокөлік ойнатылады

918

"MEGA Silk Way" СОО "Астана Моторс" ҚМК және Нұр-Сұлтан әкімдігі бірлесіп "Вакцина ал — машина ұтып ал" акциясын бастайды. 

Нұр-Сұлтанда вакцина салғандар арасында автокөлік ойнатылады

23 маусым мен 31 тамыз аралығында "MEGA Silk Way" СОО-да COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алатын қазақстандықтар "Астана Моторс" компаниясынан Hyundai Accent автокөлігін ұтып ала алады, деп inbusiness.kz  елорда әкімдігінің рсеми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Акцияның бас серіктесі — "Астана Моторс" ҚМК.

Финалдық ұтыс ойынын 5 қыркүйек күні "MEGA Silk Way" СОО Instagram арқылы тікелей эфирде өткізеді. Сонымен қатар, апта сайын 23 маусымнан 31 тамызға дейін аралық сыйлықтар:тұрмыстық техника, түрлі сертификаттар және тағы басқалар ойнатылады.

"Астана Моторс" автокөлігінің ұтыс ойынына 18 жастан асқан және 23 маусым мен 31 тамыз аралығында COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алған қазақстандықтар қатыса алады.

Бұл акцияның мақсаты — Қазақстанда вакцинация қарқынын ынталандыру. Вакцина — COVID-19-дан қорғанудың жалғыз, тиімді жолы. Мұндай акциялар түрлі елдерде сәтті өтіп жатыр. Жақында Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия, Израиль және т.б. үкіметтері вакцинацияланғандар арасында автокөлік ұтыс ойынын өткізуді қолға алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу