Нұр-Сұлтанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар сотталды

1841

Барлығы көрінеу ұтылысқа әкеп соғатын 11 бірлік құмар ойын жабдықтарымен жұмыс істеген 8 орын анықталды.

Нұр-Сұлтанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар сотталды

Елодада "Байқоңыр" аудандық прокуратурасы заңсыз ойын бизнесінің қызметіне тосқауыл салды. Қылмыскерлер пайдалануға тыйым салынған ойын автоматтарын адамдар көп жиналатын жерлерде орналастырып, құмар ойыншылардың ұтылған ақшасының есебінен материалдық пайда алып отырған.

Барлығы көрінеу ұтылысқа әкеп соғатын 11 бірлік құмар ойын жабдықтарымен жұмыс істеген 8 орын анықталды.

Аудан прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, нәтижесінде 2 қылмыстық істі сотқа жолдады.

"Байкоңыр" аудандық №2 сотының 29.07.2019 ж. үкімімен аз. Л және аз. Ц. ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша, 07.08.2019 ж. үкімімен аз. И. ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігі бойынша заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылып,  бас бостандығын шектеу және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалары тағайындалды",– делінген қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу