Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, турнирге Қазақстанның түрлі облысынан 300-ден аса спортшы, сондай-ақ Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иранның жас балуындары қатысады.
"Спортшылар 55, -60, -63, -67, -72, -77, -82, -87, -97, 130 келі салмақ дәрежесінде күреседі. Жарыс "Біріккен күрес әлемі" халықаралық федерациясының (WWW) талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Турнир 3-5 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу