Нұр-Сұлтанда жалған визамен жүрген Нигерияның екі азаматы ұсталды

749

Шекара жасағы "Ыстанбұл - Нұр-Сұлтан" бағытындағы халықаралық әуе рейсімен ұшып келген 29 және 49 жастағы нигериялық екі азаматты ұстады.

Нұр-Сұлтанда жалған визамен жүрген Нигерияның екі азаматы ұсталды

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында жалған визамен жүрген нигериялықтар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 04.30 шамасында елордадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында шекара жасағы "Ыстанбұл - Нұр-Сұлтан" бағытындағы халықаралық әуе рейсімен ұшып келген 29 және 49 жастағы нигериялық екі азаматты ұстады.

"Елімізге келген шетелдік жолаушылардың мемлекеттік шекарадан өтуге құқық беретін құжаттарын тексеру кезінде бұл азаматтар шекарашыларға Қазақстан Республикасының электрондық визасының көшірмелерін ұсынған. Алайда, электронды виза беру туралы мәліметтер базасында бұл азаматтарға қазақстандық виза берілгені туралы мәлімет расталмады. Санаулы минуттардың ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің халықаралық әуежайдағы ресми өкіліне тиісті сауал жолданып, аталған Нигерия азаматтарына электронды визаның берілмегені, ұсынылған құжаттардың қолдан жасалғаны белгілі болды" делінген хабарламада.

Ұсталған нигериялықтардың жолы болмады. Олар келесі әуе рейсімен өз еліне депортацияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу