Нұр-Сұлтанда жаңа мешіттің айналасына саябақ салынады

998

Қала басшысының сөзінше, саябақ Мәңгілік ел, Қабанбай батыр даңғылдары мен Сауран, Хусейн бен Талал көшелерінің бойында орналасады. 

Нұр-Сұлтанда жаңа мешіттің айналасына саябақ салынады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 Саябақтың орталық аллеясында ұзындығы 300 метр субұрқақ болады, оның ішінде шағын архитектуралық мүсіндер, көлеңкелі шатырлар орналасады.

"Жылдан жылға бұл аумақты көгалдандырамыз. Қалада өзіндік "жасыл аралдар" құру өте маңызды. Сондай-ақ, өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту жұмысын жүргіземіз",- деп жазды қала басшысы.

Алтай Көлгінов салынып жатқан мешіттің көлемі туралы да айтты.

" Мешітке келер болсақ, бұл — еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Негізгі күмбездің биіктігі шамамен 90 метр, ал мұнаралар 130 метр биіктікке көтеріледі. Мешіттің сыйымдылығы — 30 мың адам. Мешіт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша демеушілік қаражат есебінен салынып жатыр",- деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу