Нұр-Сұлтанда "Жаңажылдық жүгіру-2022" өтеді

858

31 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және пандемияға қарсы акцияға арналған "Жаңа жылдық жүгіру-2022" өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда "Жаңажылдық жүгіру-2022" өтеді

Жарысқа қатысуға тілек білдірушілердің бәрі шақырылады. Бағдарламада жаппай жүгіру және скандинавиялық жүріс бар. Негізгі қашықтық – 2022 метр.

Жарыстың басты мақсаты – елордада бұқаралық спортты дамыту, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және пандемияға қарсы бұқаралық спорттық акцияларға қолдау көрсету.

Жарыс 31 желтоқсанда "Қазақ елі" монументі алаңында өтеді. Басталуы 23:00-де, ал старт уақыты 23:20-да.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу