Нұр-Сұлтанда жәндіктерді зарарсыздандыру жүріп жатыр

1415

Улаудың қамту аумағы 7 мың шақырым. 

Нұр-Сұлтанда жәндіктерді зарарсыздандыру жүріп жатыр

Нұр-Сұлтанның Есіл ауданында кешкі және түнгі уақыттарда жәндіктерді зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Улаудың қамту аумағы 7 мың шақырым. Қазір Шыңғыс Айтматов көшесі, Есіл өзенінің жағалауы, сондай-ақ әуежай тасжолында жұмыс қызуда.

Шағын суқоймалары мен ашық стансалар маңындағы масалармен күрес жұмысына 5 бригада, 50 дезинфектор, 2 биолог, т.б. мамандар жұмылдырылған. 

"Біз масаларға қарсы үшінші сұрыпты истицидті қолданып жатырмыз. Олар қауіптілік деңгейіне қарай жіктеледі. Яғни қалада тек қана осы сұрыпты пайдаланамыз. Ал екінші сұрыптағы өнім денсаулыққа қауіпті. Дәл осындай жұмыстар Байқоңыр ауданында да жалғасатын болады", – дейді дезинсекция жөніндегі компания директорының орынбасары Бекболат Талғарбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу