Бүгін "Астана жастары" КММ, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен елорда жастарына тегін консультациялық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталған шара "Астаналық" сауда кешенінде сағат 11.00-де басталады. Әрбір азамат өзінің қалаған сұрағымен "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы", "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы", "Жұмыспен қамту орталығы", "Медиацияны дамыту орталығы" және басқа да мекемелердің өкілдеріне жолыға алады. Сонымен қатар кәсіби заңгер мен психолог маманы консультациялар жүргізеді.
Іс-шараның өткізілу мақсаты – жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру.