Нұр-Сұлтанда жеке меншіктегі жатақханадан өрт шығып, 42 жастағы әйел зардап шекті, деп хабарлайды ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Сарыарқа ауданында екі қабатты жатақханадан өрт шыққаны туралы өртке қарсы қызметке сағат 19:21-де хабарланыпты. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде, ғимараттың жабыны өртеніп, өрт қатар орналасқан тұрғын үйдің төбесін шарпи бастаған.
Қызыл жалын 20:12-де оқшауланып, 20:45-те толық сөндірілген, жалын жалпы 100 шаршы метр аумаққа жайылған.
"Күйік шалған 1977 жылғы әйел адам ауруханаға жеткізілді",- деп нақтылады баспасөз қызметінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу