Музейде келушілер назарына жедел жәрдем қызметінің 90 жылдық тарихынан сыр шертетін құралдар мен түпнұсқа құжаттар, сондай-ақ тарихи суреттер қойылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Музей 1930 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі атқарылған қызметтерді қорытындылау, медицина саласының қаншалықты дамығандығын көрсету мақсатында ашылып отыр. Экспозицияға негізінен біздің қызметіміздің қалыптасу тарихынан сыр шертетін түпнұсқа құжаттар, құралдар мен тарихи фотосуреттер қойылған. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық құрал-жабдықтар, біздің қызметкерлеріміздің әр түрлі жылдардағы формасы ұсынылды", – дейді ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы Еділ Шалов.
Мұнда барлығы 50-ден астам экспонат қойылған. Олардың бір бөлігі осы уақытқа дейін қалалық қосалқы станцияларда сақталған болатын. Бір бөлігі өңірлерден жиналыпты.