Нұр-Сұлтанда ЖЭО-2-де қазандық пен құбыр арасында электр сүзгі орнатылмақ

1184

Соның нәтижесінде атмосфераға зиянды қалдықтар тарамайды.  

Нұр-Сұлтанда ЖЭО-2-де қазандық пен құбыр арасында электр сүзгі орнатылмақ  Фото: astana.gov.kz

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Қаланы аралау кезінде ЖЭО-2-де іске қосылған алтыншы турбинаның жұмысымен таныстым. Электр қуатының өсімі 120 МВт құрап отыр. №8 қазандық іске қосылғаннан кейін жылу қуатының өсімі 180 Гкал құрайтын болады.

Сонымен бірге, қазандық пен мұржаның арасына электростатикалық сүзгі орнатып, іске қосамыз. Ол зиянды қалдықтарды тұтып қана қоймай, реттеу (сүзу) жұмыстарын атқарады. Осылайша, газ қалдықтары қоспасыз шығады.

Бұдан басқа, nid-технология жүйесін (күкірттен айырудың интеграцияланған жаңа жүйесі) іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл күкіртті сүзуге мүмкіндік береді. Бұған дейін, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су жылыту қазандықтары газға көшірілген еді. Барлық шаралар қала экологиясына оң әсер етеді. Бұл жұмыстарды жалғастырамыз", — деп жазады қала әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу