Нұр-Сұлтанда жол желісі бойында ақылы автотұрақтар саны артпайды

826

Тексеру кезінде комиссия қоғамдық көлік тұрақтары үшін төлемдер заңсыз жиналғанын анықтады (Нұржол бульварынан басқа).  

Нұр-Сұлтанда жол желісі бойында ақылы автотұрақтар саны артпайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі келісімшарт міндеттемелерін орындамағаны және талаптарды елемегені үшін "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Заңды негізі жоқ кәсіпорын (Нұржол бульварын қоспағанда) қаланың жол желісі бойына паркоматтар, жол белгілері мен ақпараттық тақталар орнатқан. Жабдықты демонтаждау қажеттілігі туралы "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-ға бірнеше рет ескертілді, өтініштер еленбеді.

Сонымен қатар тексеру кезінде комиссия қоғамдық көлік тұрақтары үшін төлемдер заңсыз жиналғанын анықтады (Нұржол бульварынан басқа). Осыған байланысты Нұр-Сұлтан әкімдігінің көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік иелеріне шығындарды өтеу мақсатында мемлекеттік кірістер департаментіне хат жолдады.

Еске сала кетейік, көшелер мен даңғылдарды кептелістен арылтуға арналған пилоттық жоба 2018 жылдың 15 қаңтарында Нұржол бульварының аумағында басталды. Жоба жеке серіктестік қаржысына жүзеге асырылды. Болашақта паркоматтардың санын кеңейту жоспарланған болатын.

"Парковочное пространство Астаны" ЖШС тарапынан бірнеше рет бұзушылықтарға және тұрғындардың шағымдарына байланысты елорда әкімдігі жобаның кеңеюін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу