Нұр-Сұлтанда жолдардың 35 пайызы интеллектуалдық көлік жүйесімен қамтылды

795

2020 жылдан бастап қалған жол қиылыстарын жаңғырту көзделіп отыр.

Нұр-Сұлтанда жолдардың 35 пайызы интеллектуалдық көлік жүйесімен қамтылды

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан жолдарының 35%-ы интеллектуалдық көлік жүйесімен қамтылды. Қазір жобаның үшінші кезеңін жобалау жұмысы аяқталып жатыр.

2020 жылдан бастап қалған жол қиылыстарын жаңғырту көзделіп отыр, барлығы 118 бағдаршам бар.

Айта кетейік, бұл жүйе қалалық трафиктің проблемасын толығымен шеше алмайды. Мәселені шешу үшін кіші көлік айналымының құрылысын аяқтау керек, ол көлік қозғалысын үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәңгілік ел даңғылына балама ретінде Тәуелсіздік даңғылы құрылысының жалғасын аяқтау керек.

"Сол жағалау толығымен интеллектуалдық жүйеге қосылған, алайда мұнда көлік коллапсы жиі болып тұрады. Бірінші кезекте тұйық көшелер мен негізгі магистральдарды өткізу керек. Тіпті, көптен күткен Асан қайғы көшесінің құрылысы мәселені шеше алмайды, өйткені ол тәжірибе жүзінде Уәлиханов көшесін қайталап отыр. Кептелістер Кравцов көшесінен басталып, Таха Хусейн көшесіне тіреледі, одан Тәшенов көшесінен сол жағалауға Мәңгілік ел даңғылына тіреледі. Әрі қарай көлік жүре алмайды. Сол жерде кептелістер басталады", – деді көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының басшысы Нұрлан Солтамбеков.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтанда бес құрылыс жүргізу ауданы мен өнәркәсіптік аймақ анықталды, ол жерде бірінші кезекте  көше-жол желісі дамытылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу