Нұр-Сұлтанда жүзге жуық жер телімі мемлекет меншігіне өтеді

1211

94 обектінің ішінде 57– саяжай, 4– гараж, 34 – тұрғын үй бар. 

Нұр-Сұлтанда жүзге жуық жер телімі мемлекет меншігіне өтеді

Нұр-Сұлтан әкімдігі жүзге жуық жер телімін мемлекет меншігіне алғалы жатыр. Енді саяжай мен жеке үйлер орналасқан аумаққа мектеп, театр мен жолайырықтар салынады, деп хабарлайды КТК. 

"94 обектінің ішінде 57-сі – саяжай учаскелері, 4-еуі – гараж, 34-і – тұрғын үй. Меншік иелері мен келісімшартқа қол қойылып, 10 күн мерзімде ақшасын төлейміз. Үй босатылған соң, сүру тазалау жұмыстары жүргізіледі", – дейді "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК директорының міндетін атқарушы Дарын Мұқыжанов.

Нысандарды тәуелсіз сарапшылар нарыққа сай бағалаған соң, тұрғындарға өтемақы төленеді. Ол үшін жергілікті бюджеттен 2 миллиардқа жуық қаржы қарастырылған.

Тізімге іліккен жер үйлердің басым бөлігі Есілдің оң жағалауында. Олар алдағы бір айдың ішінде бұзылуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу