Нұр-Сұлтан қаласында 18-21 мамыр аралығында 2005 жылы туған және одан кіші жастағы қыздар мен ұлдар арасында қаланың ашық чемпионаты және Қазақстан Республикасының біріншілігі өткізілді. Жарысқа 13 өңірден 240 спортшы қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Төрт күнге созылған ашық чемпионат қорытындысы бойынша елорда командасы 7 алтын, 7 күміс, 9 қола жүлдемен жалпы командалық есепте екінші орынды жеңіп алды.
Бірінші орын Алматы қаласы құрмасының еншісінде. Алматылық спортшылар чемпионатта 14 алтын, 15 күміс, 15 қола жүлдені жеңіп алды.
Үздік үштікті 5 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен Қарағанды облысының спортшылары қорытындылады.
Ашық чемпионатқа қатысушы команда өкілдері жарыстың ұйымдастырылуына жоғары баға берді.