Нұр-Сұлтан қаласында 20 ақпан күні жыл сайынғы "Бұрқасын-2022" қысқы фестивалі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш іс-шара спорттың 10 түрінен өтеді: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол секілді жарыстар бойынша өтеді.
Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды кез келген адам қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Шаңғы жарыстарына тіркелу жарыс кестесіне сәйкес 30 минут қалғанда, өтетін орында жүргізіледі.
Шаңғы жарысына қатысушылардың старттық нөмірлері әр жас тобы бойынша сөреден 30 минут бұрын беріледі.
Жарыс санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі. Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қысқы фестиваль 2022 жылдың 20 ақпанында, сағат 11:00 де басталады. Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" өзені, Амфитеатр жанында.