Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес, Нұр-Сұлтанда орташа тәуліктік сыртқы ауа температурасы күнтізбелік бес күн бойы +10°С және одан жоғары болса, жергілікті атқарушы орган жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды.
"Бесінші күн 17 сәуірге түсіп тұрғанын ескеріп, 18 сәуірден бастап жылуды өшіру туралы шешім қабылданды", – деп жазылған хабарламада.
Алайда әкімдік әлеуметтік нысандарға жылу берілетінін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу