Нұр-Сұлтандағы 1 бөлмелі пәтердің құнына Испаниядан вилла сатып алуға болады

3436

Бір жылда 7 мыңға жуық қазақстандық шетелде үйлі болған

Нұр-Сұлтандағы 1 бөлмелі пәтердің құнына Испаниядан вилла сатып алуға болады

Бір жылда 7 мыңға жуық қазақстандық шетелде  үйлі болған. Atameken Business телеарнасының сұрағына жазбаша жауап берген Мемлекеттік кірістер комитеті осындай мәлімет берді.

Анықталғандай 2018 жылы шетелдерде 8 мыңнан астам жылжымайтын мүлік Қазақстан азаматына сатылған. Отандастарымыз қай мемлекеттерден жаппай үй алуда?

Тараздық кәсіпкер Айдос Балтаевтың айтуынша шетелден баспана алу – бұл инвестицияның бір түрі. Ол осыдан он жыл бұрын Дубайдағы құрылысы енді басталған үйге қаржы құйған. Қазір оның құны 100мың доллардан асатын көрінеді.

"Түркиядан үй сатып алатын қазақстандықтар көп. Сондай-ақ Дубай, Грузиядағы үйлер де жоғары сұранысқа ие. Мысалы Нұр-Сұлтан қаласындағы 1 бөлмелі пәтердің құнына Испаниядан достарымыз вилла сатып алды. Яғни ол жақта баға төмен",– дейді кәсіпкер.

Екі жылдан бері Дубай, Грузия, Кипр мен Түркияда риелтор болып істейтін Жан Рысбаев қазақстандықтардың басқа елден үй таңдауда неге көңіл бөлетінін айтып берді. Сөзінше үй алып жатқан елдің ауа райына, теңіздің жағасында орналасуына, бизнеске қолайлылығы сынды критерийлерге қарайды екен. 

"Ең арзан риелтор Қазақстанда. Мен сатып алушылардан ақша алмаймын. Тек құрылыс компанияларымен жұмыс істеймін. 4-пайыздан -8 пайызға дейін төленеді",– дейді Жан Рысбаев.

Биылдың өзінде Қаратеңізде орналасқан Түркияда 700-ден астам Қазақстан азаматы баспаналы болған. Бұл ақпаратты Түркияның статистика институты таратты.

Тек қазақстандықтар ғана емес, Түрік еліндегі жылжымайтын мүлікке қызыққандар  қатарында Ирак та көш басында тұр. Мұнда 7мың 596 ирактық баспаналы болса, екінші орында 5мың 423 азаматымен Иран мемлекеті жайғасты. Ал үшінші орында Ресей, 2 мың 893 ресейлік үй алған. Сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Ауғанстан да, үздік бестікке еніп отыр.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сүйенсек, 2018 жылдың мәліметі бойынша шетелде үйі бар қазақстандықтардың саны 7мыңға жуық. Ал сырттағы Қазақстандықтарға тиесілі жылжымайтын мүлік саны 8 мыңнан асқан. Бұл бір адамның атында 1 немесе 2 үйден бар деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу