Шайбалы хоккейден Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында (1 дивизион, А тобы) Словения мен Литва арасындағы кездесу аяқталды, деп жазады Olympic.kz.
Словениялық хоккейшілер турнир аутсайдерін 9:0 есебімен ойсырата жеңді. Небары үш ұпай жинаған Литва құрамасының А тобынан сырт қалу қаупі зор.
Словения – Литва 9:0 (2:0, 4:0, 3:0)
1:0 – Саболич (Ковачевич, Копитар) – 03:54
2:0 – Дрозг (Зайц, Репе) – 16:16
3:0 – Копитар (Ковачевич, Саболич) – 28:16
4:0 – Цимзар (Подлипник, Хебар) – 28:48
5:0 – Голичич (Дрозг, Зайц) – 34:47
6:0 – Ограеншек (Куральт, Верлич) – 39:29
7:0 – Дрозг (Зайц, Голичич) – 49:05
8:0 – Маговац (Калан) – 55:23
9:0 – Дрозг (Калан) – 59:01
Қақпашылар: Грачнар – Армалис (Лубис 40:00 – 60:00)