Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданына жаңа әкім тағайындалды

978

Президент Әкімшілігімен және елорда мәслихатының депутаттарының келісімі бойынша Бектенбай Тілектесұлы Есполов Алматы ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі Алматы ауданына Бектенбай Тілектесұлы Есполов әкім болып тағайындалғанын хабарлады.

Бектенбай Есполов ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 10 жылдан асады.

37 жасар Бектенбай Есполов меритократия қағидатына сәйкес кеңсе сарапшысынан ҚР Президенті Протоколы бастығының орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өткен тәжірибелі маман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу