Нұр-Сұлтандағы Алматы көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

1246

Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Сауран көшесіне дейінгі учаскеде Алматы көшесі бойынша жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Нұр-Сұлтандағы Алматы көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Маусымның 5-нен 18-не дейінгі мерзімде жөндеу жұмыстарына байланысты Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Сауран көшесіне дейінгі учаскеде Алматы көшесінде ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

"Автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Сауран көшесіне дейінгі учаскеде Алматы көшесі бойынша жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Осыған байланысты, биылғы жылдың маусым айының 5-нен 18-не дейінгі мерзімде көрсетілген учаскеде ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады. Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу