Нұр-Сұлтандағы дәстүрлі жәрмеңкенің биылғы маусымын Түркістан облысы бастайды

889

Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылады.

Нұр-Сұлтандағы дәстүрлі жәрмеңкенің биылғы маусымын Түркістан облысы бастайды

1-2 маусымда Нұр-Сұлтанда Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды elorda.info.

Жәрмеңкеге 55-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 116,0 млн теңгені құрайтын 365 тонна өнімін шығарады. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылады.

Бұған қоса, 1 маусым "Халықаралық балаларды қорғау" күніне орай арнайы орын белгіленіп, 16 жасқа дейінгі балаларға Түркістан облысы кәсіпорындарынан шығарылатын балмұздақ пен сүт өнімдері тегін үлестірілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу